Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Назым Қызайбай Еуропаны жаңа қырымен таңғалдырды

Сарапшы, спорт журналисі
20.10.2025, 22:20

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай Еуропа жұртшылығын күтпеген талантымен таңғалдырды.

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Реклама
Реклама

Түркиялық суретші Назымның өнерін паш етті

Түркияда танымал қабырға суретшісі Дерия Белис өз парақшасында қазақстандық боксшы Назым Қызайбай бейнеленген видеоны жариялады. Кадрларда Назымның натюрморт салып отырған сәті көрсетілген. Оның қолынан шыққан гүлдер шынайылығымен таңдай қақтырып, түпнұсқадан айнымайтын деңгейде бейнеленген.

«Қазір бұл қыз — бокстан әлем чемпионы. Бірақ меніңше, ол бір мезетте суретші де», — деп жазды Дерия Белис Instagram желісінде.

Чемпион — рингте де, қылқаламда да үздік

Назым Қызайбай — Қазақстан тарихындағы ең титулды боксшы. Оның қоржынында Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі және әлем чемпионаттарының үш алтын медалі бар. Енді ол спорттағы жетістіктерімен қатар шығармашылық дарынымен де көпшіліктің назарын аударып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары