Беларусь теннисшісі, әлемнің №1 ракеткасы Арина Соболенко әлеуметтік желіні тағы да дүр сілкіндірді. Ол испаниялық спортшы әрі құрбысы Паула Бадосамен бірге түсірген би видеосын TikTok-та жариялап, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Бейнежазбада екі теннисші бикини киіп, көңілді би билейді. Кадрлар желіде тез таралып, аз уақытта мыңдаған пікір мен миллиондаған қаралым жинаған.
Жанкүйерлер пікір қалдырудан жарысып, Соболенкоға түрлі мақтау жазды:
- «Нағыз патшайым!»
- «Бикинидегі үздік құрбылар — нан туралған күннен бері ең жақсы өнертабыс!»
- «Ең тамаша теннис дуэті!»
- «SabaDosa мәңгілік!» — деп жазды пікір иелері.
Арина Соболенко мен Паула Бадоса — WTA турындағы ең жақын құрбылардың бірі. Жанкүйерлер оларды тіпті «SabaDosa» деп атайды — бұл екі теннисшінің есімдерін біріктірген фанаттық атау.
Олар жиі бірге саяхаттап, ортақ контент түсіріп, кордтан тыс достықтың үлгісін көрсетіп келеді.
27 жастағы Арина Соболенко WTA рейтингінде бірінші орынды сақтап келеді және маусым соңына дейін көшбасшы орнын жоғалтпайтыны күмәнсіз. Ал Паула Бадоса қазіргі таңда әлемдік рейтингтің 26-орнында тұр.
Соболенконың еркін мінезі мен батыл әрекеттері оны спорт әлемінің ең жарқын тұлғаларының біріне айналдырған. Бұған дейін оның жартылай жалаңаш фотосессиясы да желіде қызу талқыланған болатын.