Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Роман Абрамович Түркия клубының акцияларын сатып алуға кірісті

Сарапшы, спорт журналисі
22.10.2025, 08:00

Танымал Ресейлік кәсіпкер, "Челсидің" бұрыңғы иесі Роман Абрамович Түрік футболына үлкен қадам жасамақ.

Роман Абрамович
Реклама
Реклама

Түркияның Sozcu басылымының хабарлауынша, миллиардер жақын уақытта Стамбұлдың "Галатасарай" клубының ең ірі акционерлерінің бірі болуды көздеп отыр.

Деректерге қарағанда, Абрамович Стамбұлдан қымбат вилла сатып алып, Түркияға қоныс аударуға дайындалып жатыр. Бұл оның түрік футболына шындап бет бұрғанының айғағы ретінде қарастырылуда.

Айта кетейік, Роман Абрамович 2003 жылдан 2022 жылға дейін Лондонның "Челси” клубына иелік етті. Оның басшылығымен “Көктер” Англия Премьер лигасын бес рет, Англия Кубогын бес рет, Лига кубогын үш рет, сондай-ақ Еуропа және Чемпиондар лигасын екі реттен жеңіп алған болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары