Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандағы ең көрікті боксшының денсаулығы сыр берді

Сарапшы, спорт журналисі
25.10.2025, 14:07

Қазақстандық танымал спортшы әрі жанкүйерлер арасында елдің ең сұлу боксшысы атанған Балауса Мұздыман жанкүйерлерін алаңдатқан хабар айтты. 

instagram/@muzdi__
Реклама
Реклама

Боксшы өзінің Instagram парақшасында күтпеген жағдай туралы жазды:

«Бес сағат бұрын біреу маған: "Ауырасың" десе, сенбейтін едім. Таңертең студияда болдым, одан кейін жаттығу, кейін екі сағаттық түсірілім... Көңіл-күйім тамаша еді. Үйге келіп, тамақтанып, ерте тұрған соң аздап ұйықтайын деп шештім.

Кешке оянсам — басым ауырып, денем терлеп, мұрным бітеліп қалған. Өте нашар сезіндім. Дереу үйдің жанындағы дәріханадан жүйеге арналған дәрі алып, тамыр арқылы екпе қойдым. Енді таңертең қалай боларын көрерміз.

Ауырмаңыздар! Қазір тұмаудың ауыр түрі тарап жатыр...» — деп жазды Мұздыман.

Спортшы жазбасына медициналық орталықтағы суретті де қоса жариялаған.

Айта кетейік, бұған дейін Балауса Мұздыман алдағы жекпе-жегін жариялаған. Бірақ қарсыласы мен нақты күні әзірге белгісіз.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары