Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Дэвид Бекхэм рыцарь атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:15

Ағылшын футболының символына айналған Дэвид Бекхэм ресми түрде рыцарь атағын иеленді. Салтанатты рәсім Ұлыбритания патшасы Карл III-нің қатысуымен Виндзор сарайында өтті.

skysports.com
Реклама
Реклама

«Патша менің костюміме назар аударды»

Бекхэм бұл жоғары марапатқа футболдағы жарқын мансабы мен қайырымдылық қызметі үшін ие болды. Енді ол ресми түрде «сэр Дэвид Бекхэм», ал жұбайы Виктория Бекхэм — «леди Виктория» деп аталатын болады.

Салтанатты рәсімнен кейін Дэвид журналистерге әсерлі сұхбат берді. Ол патшамен болған қысқаша әңгімесін ерекше ықыласпен еске алды:

“Иә, мен патшамен сөйлестім. Ол менің киіміме қатты назар аударды. Шынымды айтсам, ол — мен таныған ең талғампаз киінетін ер адам. Көп жылдан бері оның стильдері мені шабыттандырады. Осы жолы да киім таңдауыма ол әсер етті — костюмнің идеясын жұбайым Виктория ойлап тапты. Мен патшаның жас кезіндегі суреттерін қарап отырып: ‘Мен дәл солай киінгім келеді’ деп шештім. Содан кейін Виктория осы бейнені жасап берді”, — деді Бекхэм күлімсіреп.

Аңызға айналған мансап

Дэвид Бекхэм — футбол тарихындағы ең танымал және ықпалды ойыншылардың бірі. Ол өз мансабында әлемнің үздік клубтарында өнер көрсетті:

  • «Манчестер Юнайтед» (Англия)
  • «Реал Мадрид» (Испания)
  • «Милан» (Италия)
  • «Пари Сен-Жермен» (Франция)
  • «Лос-Анджелес Гэлакси» (АҚШ)

Бекхэм Англия Премьер-лигасының, Испания Ла Лигасының, Франция Лига 1-дің, МЛС чемпионатының және Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары