Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Темірлан Анарбековтің қолтаңбасы бар доп 12 миллион теңгеге сатылды

Сарапшы, спорт журналисі
11.11.2025, 18:02

Атырауда өткен қайырымдылық аукционында ерекше спорттық жәдігер қомақты сомаға сатылды. 

kursiv.kz
Реклама
Реклама

12 миллион теңгеге сатылған ерекше доп

Қайырымдылық мақсатындағы аукционда «Қайрат» және Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолтаңбасы бар доп 12 миллион теңгеге сатылды.

Бұл жаңалықты қайырымдылық қоры өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Жиналған қаражат Атыраудағы мұқтаж отбасыға баспана сатып алуға жұмсалмақ.

Қайырымдылықтың жүректен шыққан оқиғасы

Қор жетекшісі Асхат Нұрмашев аукционның қалай өткенін баяндады:

«Біз бұл аукционды отбасыға үй сыйлау мақсатында бастадық. Алматыда тұратын ағамыз аукционды көріп, бейжай қалмады. Ол: “Бұл менің үлесім болсын, Атыраудағы тағы бір отбасы үйлі болсын. Мен Темірлан Анарбековтің қолтаңбасы бар допты сатып аламын”, — деді де, 12 миллион теңге аударды».

Аукцион туралы жарияланған жазба бірнеше мың лайк пен пікір жинады. Көпшілік қайырымдылық қорының бастамасына және Темірлан Анарбековтің қолдауына ризашылық білдірді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары