Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Баходир Джалолов Қазақстан құрамасын дастархан басына жинады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
25.11.2025, 17:40

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшылары Ташкентте өзбекстандық бокс элитасымен бас қосты. 

instagram/@akmal__khasanov
Реклама
Реклама

Қазақ және өзбек жұлдыздарының бір үстел басындағы кездесу

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны аясында өткен жаттығудан кейін қазақ және өзбек боксшылары ортақ дастарханға жиналды.

Өзбекстан құрамасының жаттықтырушысы Акмал Хасанов Instagram-парақшасында Қазақстан және Өзбекстан жұлдыздары отырған кешкі ас үстелінің видеосын жариялады. Бейнекадрдан Қазақстан жағынан Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов және Махмұд Сабырханды көруге болады. 

Өзбекстан тарапынае екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Баходир Джалолов және кәсіпқой бокстың жарқын өкілі Исраил Мадримов отырғанын байқауға болады.

Хасановтың сөзі мен Джалоловтың бағасы

Видео барысында Акмал Хасанов қонақтарды жеке-жеке таныстырып шығады:

«Ассаламу алейкум. Жақсы спаррингтен кейінгі жақсы кешкі ас. Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы — Сәкен. Айбек — әлем чемпионы. Екі дүркін олимпиада чемпионы, әлем чемпионы…» – деп ол қазақстандық және өзбек боксшылардың жетістіктерін атап өтеді.

Осы сәтте сөйлесуге араласқан Баходир Джалолов қысқа ғана:

«Керемет құрам жиналыпты», – деп бапкер сөзін толықтырады.

Осылайша Ташкенттегі бейресми кездесу Орталық Азия боксындағы екі мықты мектептің спортшылары үшін тәжірибе алмасудың, өзара қарым-қатынасты нығайтудың тағы бір мүмкіндікке айналды.

Қазір Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын 19 қарашада басталған.

Жаттықтыру процесіне Қазақстан құрамасының бірінші және екінші нөмірлі боксшылары, Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд құрама командалары қатысуда.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары