Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Назым Қызайбай армандарға жетудің құпиясын бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі
04.12.2025, 23:02

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, танымал былғары қолғап шебері Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды.

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Реклама
Реклама

2025 жылғы триумф сәттері – бір видеода

Назым өзінің Instagram-парақшасында 2025 жылдағы ең жарқын сәттерінен құралған видеоны жариялады. Роликте:

  • Астанада өткен World Boxing бокстан әлем кубогындағы жеңісі;
  • Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы IBA әлем чемпионатында топ жарған сәті;
  • Ақорда резиденциясында мемлекеттік награданы алу эпизоды көрсетілген.

Осылайша спортшы бір жылдың ішінде ел тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеген еді.

«Адал бол, еңбектен – алыс арман шындыққа айналады»

Видеоға Назым Қызайбай қысқа, бірақ мағыналы жазба қалдырды:

«Адал бол, еңбек ет, сонда алыстағы армандарың да шындыққа айналады».

Көшбасшылықты жоғалтқан сәтте осындай сабырлы, мотивациялық үндеу қалдыруы – жас спортшылар үшін де, жанкүйерлер үшін де маңызды рухани сигнал деуге болады.

Қазақстан тарихындағы бірегей рекорд

Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы алғашқы және әзірге жалғыз үш дүркін әлем чемпионы (әйелдер боксы). Ол бұл мәртебеге қол жеткізуімен-ақ ел спортының аңызына айналды.

Алайда соңғы әлемдік додада бәрі ойдағыдай бола қойған жоқ. Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында Қызайбай финалда Үндістан боксшысы Минакши Минакшиге жол беріп, күміс медаль иегері атанды.

2025 жылғы World Boxing рейтингінің жаңартылған нұсқасында Назым 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көшбасшылық орнынан айырылды. Соған қарамастан оның жыл бойғы жетістіктері мен тәжірибесі әлі де талай жас боксшыға үлгі болып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары