Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Назым Қызайбай қай боксшының шеберлігіне тәнті болды? Ол қазақ емес

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 01:26

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, көп дүркін чемпион Назым Қызайбай бокстан IBA әлем чемпионатының басты фавориттерінің біріне ашық таңданысын білдірді. 

instagram/@naz
Реклама
Реклама

Назым Қызайбайдың сторисіне кім шықты?

Тәжірибелі қазақстандық боксшы Instagram-дағы сторисінде Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатындағы жекпе-жектен қысқа ролик бөлісті. Видеода Куба боксшысы, олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Крустың сенегалдық Карамба Кебеге қарсы алғашқы жекпе-жегіндегі жарқын сәттері көрсетілген.

Қазақстан боксшылары да әдемі жекпе-жектер өткізіп жатқанына қарамастан Назым дәл осы кубалық шебердің өнеріне ерекше баға беріп, сторисіне смайликпен белгілеген. Бұл оның Ла Крустың шеберлігі мен рингтегі доминантты стиліне риза болғанын аңғартады.

Ла Крус – Дубайдағы әлем біріншілігінің басты фавориттерінің бірі

Хулио Сезар Ла Крус – қазіргі заманғы әуесқой бокстың символына айналған есімдердің бірі. Кубалық жұлдыз:

  • екі дүркін Олимпиада чемпионы;
  • бес дүркін әлем чемпионы.

Қазақстан құрамасы: жеңістер мен сәтсіздіктер

IBA әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын 13 боксшы қорғады. Дубай төрінде біздің жігіттер бірқатар әсерлі жекпе-жек өткізіп үлгерді.

Алайда бүгінгі жарыс күнінде екі отандасымыз турнирмен қош айтысты:

  • 92 келіге дейінгі салмақта – Нурмагамед Юсупов,
  • 80 келіге дейінгі салмақта – Ерасыл Жақпеков жеңіліс тапты.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары