Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желіде жаңа фотосерия жариялап, көптің назарын өзіне қайта аударды.
Жарияланған кадрларда Алтынбекова бір иығы ашық, дене бітімін айқындайтын ұзын қара көйлекпен көрінеді. Шашы жинақы, бет әлпетін нәзік толқын бұрымдар толықтырған.
Спортшы фотоларға: «Міне, нағыз қыс та келді, ал қыс ішкі нұры бар адамдарды жақсы көреді» деген мәндегі жазба қалдырған.
Желі қолданушылары Сәбинаның стиліне тәнті болған: бірі оны нәзік деп сипаттаса, енді бірі «қыс ханшайымы» деп атап, сұлулығы мен жарасымын ерекше атап өткен.
Сәбина 1998 жылы туған, спортқа ерте араласып, жастар және кәсіби деңгейде нәтижелер көрсеткен. Сондай-ақ ол Қазақстан атынан халықаралық додаларда, оның ішінде Азия чемпионаттары мен Дүниежүзілік ойындарда өнер көрсеткені айтылған.