Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Нұрлан Сабуров қазақ боксшыларын жігерлендірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:09

Дубайда өтіп жатқан IBA нұсқасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өнеріне белгілі комик әрі актер Нұрлан Сабуров пікір білдіріп, командаға шешуші сәтте сәттілік тіледі.

azattyq-ruhy.kz
Реклама
Реклама

Сабуров: «Алға, Қазақстан!»

Өнер иесі турнирді жіті бақылап жүргенін айтып, ұлттық құрамаға үлкен жеңістер мен жаңа белестерді бағындыруды тіледі.

«Қазақстан құрамасына ірі жеңістер, жарқын жетістіктер және жаңа шыңдарға нық қадам тілеймін. Алға, Қазақстан! Спортшыларымыздың рухына, таланты мен еңбексүйгіштігіне сенемін. Әрбір жекпе-жек елге қуаныш сыйлап, әрбір жеңіс келер ұрпаққа шабыт берсін», — деді Нұрлан Сабуров.

13 желтоқсан – шешуші күн: төрт қазақстандық алтынға таласады

Сабуровтың құттықтауы турнирдің ең маңызды күні қарсаңында жарияланды. 13 желтоқсанда Қазақстанның төрт боксшысы әлем чемпионатының финалдық кездесулеріне шығып, алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Дубайдағы додада қазақстандық былғары қолғап шеберлері финалға дейін жетіп, ел үмітін үкіледі. Енді шешуші жекпе-жектерде құраманың басты міндеті — жеңісті жолды алтынмен аяқтау.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары