Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокс залын ашуды биыл аяқтауды көздеп отыр. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін Олимпиададан кейін сыйға берілген көлігін сататынын мәлімдеді.
Боксшының жазбасына сүйенсек, оның басты армандары мыналар болған:
Оның сөзінше, осының екеуі толық орындалған.
«Үш дүркін әлем чемпионы болдым. Биыл екі әлем чемпионаты болғандықтан рекордымды жаңартқым келді, бірақ екіншісінде күміс алдым», – деді Назым.
Назым екінші мақсаты – ата-анасына үлкен үй сыйлау да жүзеге асқанын жеткізді.
«Отбасыма үлкен үй алдым, бәрі мәз…», – деп жазды ол.
Жыл соңына қарай боксшы үшінші арманын да кейінге қалдырмай, биыл іске асырғысы келетінін ашық айтты. Қазір ол шағын ғимаратты алдын ала қарап қойған.
Осыған байланысты Назым Қызайбай көлігін сататынын жариялады. Оның сөзінше, бұл көлік Олимпиададан кейін сыйға берілген. Бір жылдан аса уақыт мінген, жағдайы жақсы.
«Көлікті жақсы көремін, бірақ арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын», – деді чемпион.

Боксшы қызығушылық танытқан адамдарға жеке хабарласуды немесе ағасына шығуды ұсынған.