Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Дмитрий Бивол экс-жұбайын сотта жеңді: Қазақстанда Екатерина Биволға іздеу жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:30

Санкт-Петербургте бокстан әлем жұлдызы Дмитрий Биволдың Екатерина Биволға қарсы арызы бойынша азаматтық іс қаралып, сот спортшының талабын қанағаттандырды.

NUR.kz
Реклама
Реклама

Сот шешімі не дейді?

Санкт-Петербургтің Смольный аудандық соты Дмитрий Биволдың талап-арызын қарап, жауапкер тарап таратқан деректерді шындыққа сәйкес емес әрі ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп таныған. Сот шешіміне сай, Екатерина Бивол өзіне тиесілі/басқаратын әлеуметтік желідегі парақшаларында және мессенджер арналарында сол мәліметтерге ресми теріске шығару жариялауға міндеттелді, әрі ол жарияланымға алты ай бойы ашық қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. 

Сот материалында жауапкердің даулы жазбаларды 2024 жылдың 16 қыркүйегі мен 2025 жылдың 11 тамызы аралығында Instagram-да, сондай-ақ 2025 жылдың 21 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Telegram-да жариялағаны көрсетілген.

Қазақстан мен Қырғызстандағы жағдай

Қазақстан ІІМ экс-жұбайы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын және әйелдің іздеуде жүргенін ресми растаған. Ал Қырғызстанда да оған қатысты іс бойынша іздеу жарияланып, тиісті процессуалдық шешімдер қабылданғаны хабарланды. 

Бұған қоса, Қазақстан ІІМ вице-министрі Санжар Әділов тергеу жүріп жатқанын айтып, егер Екатерина Бивол Ресей аумағында ұсталған жағдайда Қазақстан тарапы экстрадиция мәселесін Бас прокуратура арқылы көтеретінін мәлімдеді. 

Бивол туралы қысқаша

Дмитрий Бивол – кәсіпқой бокстың жарқын өкілдерінің бірі. 2025 жылғы ақпанда Эр-Риядта өткен реваншта ол Артур Бетербиевті ұпай айырмасымен ұтып, жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атанды.

Кейін WBC белбеуіне қатысты мәртебе өзгеріп, Бивол бұл титулдан бас тартты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары