Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ресейлік басылымдар Сәбина Алтынбекованың ажырасуына назар аударды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:30

Ресейдің танымал «Спорт-Экспресс» порталы әлемдік спортта жыл ішінде ең көп талқыланған ажырасуларды іріктеп, тізімге қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова мен кәсіпкер Саят Салманұлының екі жаққа кеткенін де енгізді. 

instagram/@altynbekova_20
Реклама
Реклама

Сәбина Алтынбекова мен Саят Салманұлы: некеден кейінгі оқиғалар

Портал мәліметінше, «Азиядағы ең сұлу спортшы» атанған Сәбина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан. 2021 жылы жұптың отбасында ұл дүниеге келді. Алайда уақыт өте келе ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасында қиындықтар пайда болғаны айтылады.

Ресейлік дереккөздің жазуынша, 2023 жылы волейболшы әлеуметтік желіден күйеуімен түскен ортақ суреттерін өшірген. Сол кезде Сәбина бұл қадамын «көз тимесін» деген ниетпен түсіндіргені де атап өтіледі.

Ажырасу туралы ресми мәлімдеме: 2025 жылдың наурызы

«Спорт-Экспресс» таратқан ақпаратта Алтынбекова мен Салманұлы бірнеше жыл бойы отбасын сақтап қалуға тырысқаны, алайда нәтиже болмағаны көрсетілген. 2025 жылдың наурызында Сәбина әлеуметтік желіде жазба жариялап, ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген.

Спортшының жазбасы: өзіңе адал болу туралы ой

Сәбина Алтынбекова блогында өмірлік ұстанымына қатысты ой айтқан. Оның айтуынша, өзгенің пікірі өз даусынан басым түсетін ортада өзіңе адал қалу — шынайы күштің белгісі, бұл эгоизм емес, өзіңді құрметтеу мен ішкі үйлесімге апарар жол.

ФОТО: vesti.kz

Волейболшы оқырмандарына жақын уақытта жаңа қарым-қатынас бастауға ниеті жоқ екенін де жеткізген. Желі қолданушыларының бірі «болашақ жарыңыз қандай болуы керек?» деп сұрағанда, Сәбина әзірге жалғыз қалып, демалғысы келетінін қысқа қайырған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары