Қазақстанның танымал ММА файтері Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Спортшы жеке өміріне қатысты сыр шертіп, бір кездері сезім мен мансаптың арасында таңдау жасағанын жеткізді.
Файтердің айтуынша, бәрі 2012 жылы басталған.
«Бір кездері, 2012 жылы, бір қызға ғашық болдым. Бірақ сезімімді ысырып қойып, карьерамды таңдадым. Қазір артыма қарасам, соған өкініп тұрғандаймын…» — деп жазды Қуат Хамитов Threads желісіндегі парақшасында.
Бұл жазба жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырып, спортшының өміріндегі маңызды шешімдердің қаншалықты ауыр болатынын тағы бір мәрте еске салды.
Айта кетейік, соңғы уақытта «Найман» лақап атымен танылған Қуат Хамитов болашақ отбасы, үйлену және ықтимал қалыңдығы туралы да жиі ой қозғап жүргенін байқатқан. Бұл да оның жеке өмірге көбірек мән бере бастағанын аңғартады.
Қуат Хамитовтың соңғы кездесуі 18 желтоқсанда болған. Мәскеуде өткен ACBJJ20 турнирінде ол бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша өнер көрсетіп, ресейлік Рашид Магомедовты төрешілердің бөлінген шешімімен жеңді.