Қарағанды облыстық спорт басқармасындағы жанжалға байланысты басшы орынбасары Дәурен Есімханов алғаш рет мәлімдеме жасап, әлеуметтік желі мен БАҚ-та тарап жатқан ақпараттың шындыққа сай келмейтінін айтты.
Қарағанды облысының спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов Серік Сәпиевпен болған жанжал төңірегіндегі жағдайға алғаш рет пікір білдірді.
"Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та объективті шындықты көрсетпейтін ақпарат таралып жатыр. Арандатушылыққа және бұл жағдайды арам пиғылды адамдардың ушықтыруына ермеңіздер", – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Бұған дейін орынбасарымен болған қақтығыс салдарынан Сәпиевтің дене жарақатын алғаны хабарланған еді. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Осыған дейін Серік Сәпиев те мәлімдеме жасап, оқиғаның жеке жанжал емес екенін, мәселе өңірдегі ықпалды адамдар тарапынан көрсетілген қарсылықпен байланысты екенін айтқан.
Ал әкімдік жағдайдың мән-жайын жан-жақты анықтау үшін спорт басқармасына қатысты тексеріс пен аудит бастағанын мәлімдеді.