Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың әйеліне 5 жылдан 10 жылға дейін түрме қаупі төніп тұр

Сарапшы, спорт журналисі
26.01.2026, 23:57

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты істегі ықтимал жаза белгілі болды. 

azh.kz

Іс бойынша не белгілі?

Ресми түрде күдікті ретінде Шавкат Рахмоновтың жары танылған. Бұл ақпаратты ішкі істер министрі Санжар Әділов мәлімдеді. Қазір тараптар тергеу материалдарымен танысу кезеңінде.

Іс алдағы уақытта сотқа жетуі ықтимал. Ал Шавкат Рахмоновтың өзі бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірмеген.

Қандай жаза қарастырылған?

Дереккөздің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі тиісті бап бойынша жаза 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылады.

Еске салайық, өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың 27 шілдесінде тіркелген. Жамбыл облысы Полиция департаментінің дерегінше, Toyota Land Cruiser 200 көлігін басқарған Гүлайым Рахмонова Қарағанды облысынан Алматыға бағыт алған кезде рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Апат салдарынан екі адам қаза тапқан.

Реклама
Реклама