Қазақстандағы ең танымал спортшылардың бірі, волейболшы Сәбина Алтынбекова мансабының алғашқы жылдарындағы тұрмыс-тіршілігін айтып, тұрмысқа дейінгі өмірінен естелік бөлісті.
29 жастағы спортшының сөзінше, ол сол кезеңде жатақханада тұрып, бар назарын жаттығу мен жеке дамуға бағыттаған. Құрбы-құрдастары серуендеп, еркін уақытын көңілді өткізгенде Сәбина керісінше еңбекке басымдық берген.
Оның айтуынша, өзіне көп нәрсе керек болмаған: дәмді тамақ, жатақханада фильм көру — сол шақтағы қарапайым қуанышы болған.
Сәбина әлеуметтік желідегі жазбасында тұрмыстық қиындықтарды да жасырмай айтты. Жатақханада ол кезде кір жуғыш машина болмағандықтан барлық киімін қолмен жуғанын жеткізді.
Сонымен қатар психология кітаптарын оқыған, өзінде ноутбук болмағандықтан таныс баскетболшыдан ноутбук сұрап пайдаланған. Интернет әлсіз болғандықтан алдын ала жүктелген фильмдерді қайта-қайта көргенін айтты.

Алтынбекованың айтуынша, жастық шағы осылай өткен және 24 жасына дейін, яғни тұрмысқа шыққанға дейін осындай өмір салтын ұстанған.
Ол Алматыдағы әдемі орындармен тұрмыс құрғаннан кейін танысқанын, ал түнгі клубқа бірде-бір рет бармағанын және оған қажеттілік көрмейтінін де атап өтті. Бұл — “уақытымды пайдалы өткіземін” деген саналы таңдауы болғанын қосқан.
Еске салайық, Сәбина Алтынбекова 2014 жылғы Азияның жастар чемпионатынан кейін кеңінен танылды — сол турнирде оны ең сұлу спортшылардың бірі ретінде жиі атап өткен.
Кейін ол шетелде де ойнады:
2020 жылдың соңында волейболшының тұрмысқа шықғып, дүниеге ұл әкелді. Сәбина 2025 жылы ажырасқанын жариялады. Қазақстанға оралып, қазір “Астана” волейбол клубында өнер көрсетіп жүр.