Реклама
Реклама

Үш салмақтағы әлем чемпионы қамауға алынды

Сарапшы, спорт журналисі
30.01.2026, 18:16

Кәсіпқой бокста аты шыққан, үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Джервонта “Tank” Дэвис құқық қорғау органдарының назарына тағы ілікті. Боксшы Флорида штатындағы Майами аймағында ұсталған.

fightnews.inf

Қай қалада ұсталды және қайда жеткізіледі?

BoxingScene жазуынша, Дэвис көп округті қамтыған бақылау шарасынан кейін сауда дүкенінен шыққан сәтте қолға түскен және қамауға алу кезінде оқыс оқиға тіркелмеген. Кейін оны Turner Guilford Knight түзету мекемесіне жеткізу жоспарланған.

Ақпарат көздерінің дерегіне сүйенсек, боксшыға үш бап бойынша айып тағылып отыр:

  • соққыға жығу
  • заңсыз еркіндігін шектеу 
  • адам ұрлауға әрекеттену

Оқиға 2025 жылғы 27 қазанда болған инцидентпен байланысты екені айтылды.

Джейк Полмен жоспарланған жекпе-жек неге өтпей қалды?

АҚШ медиасы бұл дау салдарынан Дэвистің Джейк Полға қарсы жоспарланған кездесуінің де болмай қалғанын жазады.

Бұған дейін BoxingScene-ге пікір білдірген жәбірленуші тараптың адвокаты Ричард Вулф азаматтық талап арыздың процесін бастауды күтетінін жеткізген.

Реклама
Реклама