Қазақстандық теннистің көшбасшысы, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы да жұрт назарын аудартты. Бұл жолы спортшының ойыны емес, қолындағы қымбат сағат талқыға түсті
X (бұрынғы Twitter) желісіндегі rybafan парақшасының жазуынша, Рыбакина әлемге танымал Vanguard брендіне тиесілі сағаттарды ұнатады.
Желі қолданушылары теннисшінің білегінен көрінген сағаттың шамамен 230 мың доллар тұратынын атап өткен.
Айта кетейік, Рыбакина дәл осы сағатпен қолына Australian Open турнирінің “құлақты” кубогін ұстап, марапаттау рәсімінде суретке түскені көрсетілген.
Қазақстандық теннисші Мельбурндегі жеңісі үшін 2,7 миллион доллар табыс тапқан. Бұл сома теңгеге шаққанда шамамен 1,4 миллиардқа тең.