Қазақстандық боксшы, ел тарихындағы соңғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялады.
Елеусінов сүйіктісімен бірге түскен суреттермен қатар, оның жеке фотоларын да жариялаған. Боксшының жазбасына қарағанда бойжеткен АҚШ-та жүрген кезеңде Даниярдың қасында болып, оны қолдап жүрген.
Жазбаның астына спортшы қысқа ғана:
"Сағындым", — деп жазды.

Осылайша қазір сүйіктісінің жанында емес екенін аңғартқан.
Ақпаратқа сәйкес, 2014-2017 жылдары Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Алина Құрбаналиевнамен некеде болған. Ерлі-зайыптылардың бір ұлы бар. Кейін ажырасқанымен Данияр баласымен қарым-қатынасты үзбей, жиі бірге уақыт өткізетіні айтылады.

Сонымен қатар желіде боксшының қазіргі қызы және баласымен бірге түскен кадрлар да кездескен.
Қазір Елеусіновтің ресми отбасылық жағдайына қатысты жаңа мәлімет жарияланбаған. Сондықтан әлеуметтік желіде көрінген бойжеткеннің нақты статусы (жұбайы ма, қалыңдығы ма) туралы кесіп айту қиын.