Шоу Almaty Arena мұз сарайында өтеді. Билеттер сатылымға шықты.
5 сәуір күні Алматыдағы Almaty Arena мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық деңгейдегі шоуы өтеді. Кештің басты жұлдызы – Қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұз үстіндегі гала-кешке:
Көрермендерді техникалық күрделі элементтерге толы бағдарламалар, жарық пен музыканың үйлесімі және эксклюзивті қойылымдар күтіп тұр.
Еске салайық, 14 ақпанда Михаил Шайдоров Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы алғашқы олимпиадалық чемпион-фигурист атанды.
Осыдан кейін чемпионға түрлі бағалы сыйлықтар беріле бастады.