Реклама
Реклама

Головкин мен Шайдоров Самоделкинаға сый жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
20.02.2026, 08:50

Отандасымыздың Олимпиададағы дебюті туған күнімен тұспа-тұс келген болатын. 

Nur.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Олимпиада-2026 ойындарында әйелдер арасындағы жекелей сында үздік ондыққа енді. Бұдан бөлек, отандасымыздың Олимпиададағы дебюті туған күнімен тұспа-тұс келген болатын. Осыған байланысты жарыстан кейін спортшыны ел спортының екі жұлдызы – Геннадий Головкин мен Михаил Шайдоров арнайы құттықтады.

Олимпиададағы тарихи нәтиже

Самоделкина қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 207,46 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға тұрақтады. Бұл – спортшының кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

Олимпиада аренасында өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға ерекше құрмет көрсетілді.

Құттықтау сәті

Қазақстан ҰОК-нің Instagram парақшасында жарияланған видеода Самоделкинаны:

  • Қазақстан Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин,
  • Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров күтіп алып, жылы лебіздерін білдіргені көрсетілген.

Шайдоров әріптесін құшақтап, сәтті өнерімен құттықтаса, бокс аңызы Головкин спортшыға үлкен гүл шоғын табыстап, қолдау білдірді. Кейін үш спортшы ортақ естелік суретке түсті.

Реклама
Реклама