Реклама
Реклама

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы дүниеге екінші сәби әкелді

Сарапшы, спорт журналисі
19.03.2026, 21:09

Қазақстандық каратэші, әлемдік рейтингтің көшбасшысы Мөлдір Жаңбырбай көпшілікке қуанышты жаңалығын жария етті.

instagram/@moldir_zhangbyrbay

Мөлдір Жаңбырбай екінші рет ана атанды

Қазақстан тарихындағы WKF каратэ бойынша тұңғыш әлем чемпионы атанған спортшы екінші сәбиін дүниеге әкелді. Қуанышты хабарды ол әлеуметтік желі арқылы жариялады.

Жаңбырбай перзентханадан фото жариялап, суретте өзін және жаңа туған қызын көрсетті.

Спортшының жазбасында сәбиінің есімі мен туған күні де көрсетілген:

“Марат Мейірім Дидарқызы
17.03.2026
2900 г / 51 см

Қош келдің, қызым! Алла саған мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр нәсіп етсін”, – деп жазды каратэші.

Қазақстан спортының жарқын өкілі

Мөлдір Жаңбырбай – Қазақстан құрамасының көшбасшы спортшыларының бірі. Қазір ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) әлемдік рейтингінде бірінші орында тұр.

Еске салсақ, Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан тарихындағы WKF каратэден әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы қыз болды.

Оған дейін бұл атақ Қазақстан әйелдер құрамасы үшін қол жетпес белес болып келген еді.

Реклама
Реклама