Шавкат Рахмонов Паралимпиада чемпионымен кездесті (ФОТО)
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов Паралимпиада-2026 ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитовпен жүздесті.
Бір кадрдағы чемпиондар
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін жеңілмеген файтер Алматыда парашаңғышы Ербол Хамитовпен кездесіп, бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады.
Рахмонов Instagram парақшасында бұл кездесуге қысқа ғана пікір қалдырды:
“Паралимпиада-2026 чемпионымен бір фото”
Жанкүйерлер бұл суретті жылы қабылдап, екі спортшыға да құрмет білдірді.
Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы
Қазір Шавкат Рахмонов жарақатынан кейінгі қалпына келу кезеңінен өтуде. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста өтті. Сол кездесуде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.
Алайда 2026 жылдың басында Рахмонов UFC рейтингінен уақытша шығып қалды.
Ербол Хамитов – Паралимпиада қаһарманы
Ербол Хамитов Италияда өткен Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан намысын абыроймен қорғады. Ол парабиатлонда алтын медаль жеңіп алып, шаңғы жарысында қола жүлдеге ие болды.
Бұл нәтиже оны елдегі ең табысты параспортшылардың қатарына қосты.