Қазақстанның спорт жұлдызы мұз айдынында некелесті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:53

Салтанатты рәсім Орал қаласындағы Мұз сарайында өтті.

Vesti.kz

Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев отбасын құрды. Ділназ бен Абзалдың некелесу рәсімі 18 сәуірде Орал қаласындағы Мұз сарайында өтті. Бұл туралы kursiv.media хабарлады. 

Мұз үстіне қызыл кілем төселіп, жас жұбайлар айдынның қақ ортасында некелесті.

“Арайлы Ақжайық төрінде тағы бір отбасының некесі салтанатты түрде қиылды. Дәл осы сәттен бастап Сіздерде заңды түрде ерлі-зайыптылар деп жариялаймыз”, – деді неке қиюшы.

Қалыңдық күйеу жігіттің тегін таңдап, Ділназ Әжіғалиева атанды.

Бір күн бұрын Абзал жанкүйерлерінің бәрін некелесу сәтіне куә болуға шақырған.

“Құрметті жанкүйерлер! Сіздерді және барлық ниет білдірушілерді өтетін неке қию салтанатымызға шақырамын. Келіп, қуанышымызға ортақ болыңыздар”, – деп жазды атлет әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев Қазақстанның ең даңқты шорт-трекшілерінің бірі. Ол төрт мәрте қысқы Олимпиада ойындарына (2014, 2018, 2022, 2026) қатысты. Бейжіңдегі бәсекеде төртінші орын алса, биыл Италияда ширек финалға дейін жетті. Әлем кубоктарының, Азия ойындарының жеңімпазы. 

Реклама
Реклама