"Басталды": Сәбина Алтынбекова жанкүйерлерін тәнті етті
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желіде жаңа фотоларын жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Жаңа образымен көзге түсті
29 жастағы спортшы Instagram парақшасында жаңа фотосуреттерін жариялады. Кадрларда күміс белбеуі бар қара көйлекпен және қара пиджакпен көрінді. Жанкүйерлер әсіресе спортшының талғампаз стилі мен сымбатына ерекше назар аударған.
Жарияланым астында Сәбина:
“Екінші прайм дәуірім басталып жатқандай сезінемін”, — деп жазды.
Бұл жазба оның оқырмандары арасында қызу талқыланып, көптеген жылы пікір жинады.
Желі қолданушылары қандай пікір жазды?
Жанкүйерлер волейболшының жаңа суреттерін жоғары бағалап, пікірлер бөлімінде мақтау сөздерін қарша боратты. Олардың басым бөлігі Сабинаның сұлулығы мен харизмасына тәнті болғанын жасырмады.
Оқырмандар арасында:
- “Керемет бейне”,
- “Сіздің жарқын кезеңіңіз ешқашан аяқталған емес”,
- “Өте сұлу жансыз”,
- “Көз тартарлық образ” секілді пікірлер жиі жазылған.
Спорттық мансабында не өзгерді?
Еске салсақ, Сәбина Алтынбекова 2026 жылдың ақпан айында Қазақстандағы волейбол маусымын мерзімінен бұрын аяқтағанын хабарлап, жақын арада мансабына қатысты жаңалық болатынын меңзеген еді.
Айта кетейік, 2020 жылы спорттағы мансабына уақытша үзіліс жасап, сол жылы Саят Салманұлымен шаңырақ көтерді. Бір жылдан кейін олардың отбасында ұл бала дүниеге келді.
Сәбина ұзақ үзілістен кейін 2023 жылдың ақпанында үлкен спортқа қайта оралды. Осы кезеңде Дубайдың “Аль-Васл” клубы сапында өнер көрсетіп, сол жылы командасымен бірге БАӘ чемпионатын жеңіп алды.
Сонымен қатар қазақстандық волейболшы 2023 жылы әлемдегі ең бай волейболшылардың тізіміне де енген.