Дональд Трамп Ақ үйдегі UFC турнирінде ұйықтап кетті (ВИДЕО)
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы Ақ үйдің Оңтүстік көгалында өткен UFC Freedom 250 турнирі кезінде көпшіліктің назарын аударды.
Трамптың видеосы желіде тарап кетті
Ақ үй аумағында өткен тарихи UFC Freedom 250 турнирі кезінде қызықты жағдай болды. Әлеуметтік желі қолданушылары Бо Никал мен Кайл Докас арасындағы жекпе-жек кезінде түсірілген видеодан Дональд Трамптың әрекетіне назар аударған.
Кадрларда АҚШ президентінің басын төмен түсіргені көрінеді. Сол сәтте жанында отырған UFC президенті Дана Уайт оның иығына қолын тигізген. Осыдан кейін видео желіде кеңінен тарап, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды.
UFC Freedom 250 Ақ үйде өтті
UFC Freedom 250 турнирі 2026 жылдың 14 маусымында Вашингтонда, Ақ үйдің Оңтүстік көгалында ұйымдастырылды. Бұл – Ақ үй аумағында өткен алғашқы кәсіби спорттық жарыс ретінде тарихта қалды.
Кештің басты кардындағы жеті жекпе-жектің барлығы мерзімінен бұрын аяқталған.
Гейджи мен Ган жеңіске жетті
Кештің басты жекпе-жегінде Джастин Гейджи Илия Топуриямен кездесіп, төртінші раундта бұрыштың бас тартуынан кейін техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша ол UFC ұйымының жеңіл салмақтағы абсолютті чемпионы атанды.
Сондай-ақ Сирил Ган Алекс Перейраны нокаутқа түсіріп, UFC-дің ауыр салмақтағы уақытша чемпионы атағын жеңіп алды.