Жарнама
Жарнама

Кенжебек пен Самородов мектепте қалай оқығандарын айтып берді

"Ахмат" ФК өнер көрсететін Қазақстан құрамасының футболшылары Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов мектептегі үлгерімдері туралы айтып берді.

Кенжебек пен Самородов мектепте қалай оқығандарын айтып берді
vesti.kz

Футболшылар қандай бағаға оқыды?

Грозныйлық клубтың Instagram парақшасында ойыншыларға мектепті қандай бағамен аяқтағаны туралы сұрақ қойылған видео жарияланды. Сауалнамаға Кенжебек пен Самородов та қатысты.

Ғалымжан Кенжебек өзінің негізінен "төрттік" бағаға оқығанын, алайда "үштіктері" де аз болмағанын әзілмен жеткізді.

"Төртке оқыдым, бірақ үштіктер де болды. Негізі, барлығы дерлік үштік еді", — деді Кенжебек.

Ал Максим Самородов сұраққа қысқа ғана жауап берді:

"Үшке оқыдым".

Самородов пен Кенжебектің "Ахматтағы" статистикасы

Максим Самородов "Ахмат" сапына 2024 жылдың 6 тамызында ауысып, клубпен төрт жылдық келісімшарт жасасқан.

Ғалымжан Кенжебек грозныйлық ұжымға биыл 10 қаңтарда қосылды. Оның келісімшарты 4,5 жылға есептелген.

Ресей Премьер-лигасының қазіргі маусымында Самородов бес матчқа қатысып, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Кенжебек екі кездесуде қосалқы құрамнан алаңға шығып, гол немесе нәтижелі пас тіркей алмады.

Жарнама
Жарнама