Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева жүзігі мен алып гүл шоғын көрсетті

Қазақстандық шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасында романтикалық бейнежазба жариялады. 

Бибісара Асаубаева жүзігі мен алып гүл шоғын көрсетті
Instagram/@bibisarachess

Жанкүйерлер назарын аударған сыйлық

Титулды гроссмейстер Instagram желісіне жүктеген видеосында қолындағы жүзігін жақыннан көрсетіп, кейін үлкен гүл шоғын көпшілік назарына ұсынды. Бейнежазбаға америкалық әнші Ариана Гранденің танымал "7 Rings" композициясы таңдалған.

Әзірге Асаубаева қымбат сыйлықтарды кімнен алғанын айтқан жоқ. Сондықтан желі қолданушылары романтикалық видеоның мәнін өздерінше болжап жатыр. Бұған дейін БАҚ-та қазақстандық шахматшының өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен қарым-қатынасы бар екені жазылған еді.

Әлемдік серияның Гранд-финалына жолдама алды

Осы аптада Бибісара Асаубаева Францияның Сен-Тропе қаласында өткен WR Women’s Chess Tour 2026 сериясының Еуропа кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық шахматшы екі жүлде иемденіп, Штутгартта өтетін әлемдік серияның Гранд-финалына тікелей жолдама жеңіп алды.

Қазір шахматшы Парижде қысқа демалысын өткізіп жүр.

Жарнама
Жарнама