ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Бибісара Асаубаева Франциядағы супертурнирде чемпион атанды

Қазақстандық шахматшы Францияның Сен-Тропе қаласында өткен WR Women’s Chess Tour 2026 Europe кезеңінің рапид турнирінде жеңіске жетті.

Бибісара Асаубаева Франциядағы супертурнирде чемпион атанды
instagram/bibisarachess

Қазақстандық гроссмейстер жарыстың плей-офф кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, басты жүлдені иеленді.

Финалда Музычукты жеңді

Ширек финалда Бибісара Асаубаева неміс гроссмейстері Элизабет Петцпен кездесіп, тай-брейкте басым түсіп, жартылай финалда грузиялық шахматшы Нино Бациашвилимен ойнады.

Титулға таласта оның қарсыласы украиналық Мария Музычук болды. Алғашқы партияда Бибісара қара фигуралармен жеңіске жетті. Екінші кездесуде де қазақстандық шахматшы қарсыласынан басым түсіп, турнир чемпионы атанды. Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Асаубаева 5,5 ұпай жинап, еуропалық турнирдің рапид кезеңінде жеңімпаз атанды.

Бүгін Сен-Тропедегі турнирдің блиц кезеңі басталады. Бұл бәсекеде ойыншылардың бастапқы нәтижелері сақталмайды, сегіз қатысушы қайтадан ширек финалдан бастап, екінші жеке жүлдені сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.