Бибісара Асаубаева Германияда басты трофейге таласады
Қазақстандық гроссмейстер WR Women’s Chess Tour 2026 әлемдік сериясының шешуші кезеңіне қатысу құқығына ие болды.
Еуропа кезеңінде жүлдеге ілікті
Бибісара Асаубаева Францияның Сен-Тропе қаласында ұйымдастырылған серияның Еуропа кезеңіндегі сәтті өнерінің арқасында Гранд-финалға жолдама алды.
Қазақстандық шахматшы рапидтен алтын медаль жеңіп алса, блиц бәсекесінде күміс жүлде иемденді. Асаубаева Гранд-финалға қатысатыны туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында да растады.
Гранд-финалға сегіз шахматшы қатысады
WR Women’s Chess Tour 2026 Гранд-финалында төрт аймақтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен сегіз шахматшы бақ сынайды.
Іріктеу кезеңдері Токиода, Америкада, Африкада және Еуропада өтті.
Шешуші жарыс 22–23 қараша күндері Германияның Штутгарт қаласындағы Розенштайн сарайында ұйымдастырылады. Турнир нокаут жүйесі бойынша өтеді, яғни әр кездесуде жеңілген шахматшы жарыстан шығып қалады.
Гранд-финал жеңімпазы WR Women’s Chess Tour сериясының басты трофейіне ие болады. Сонымен қатар қатысушылар 40 мың АҚШ долларға тең жүлде қорын сарапқа салады.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.