Бибісара Асаубаеваның FIDE әлемдік рейтингіндегі орны белгілі болды
Қазақстандық шахматшы 2026 жылғы қыркүйекке арналған Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингінде үздік бестіктегі орнын сақтап қалды.
Әлемнің бесінші шахматшысы атанды
Жаңартылған рейтинг қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 2536 ұпаймен әйелдер арасындағы әлемдік тізімде бесінші орынға жайғасты. Алдыңғы рейтингпен салыстырғанда екі ұпай жоғалтқан.
Дәл осындай көрсеткіш қытайлық Тань Чжунъи мен ресейлік Александра Горячкинада да бар. Тань Чжунъи жаңартылған тізімде бірден үш сатыға көтерілді.
Қытайлықтар көш бастап тұр
Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің бірінші орнын 2596 ұпай жинаған қытайлық Хоу Ифань сақтап қалды.
Екінші сатыға бір орын жоғарылаған әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь көтерілді. Оның еншісінде 2553 рейтингтік ұпай бар. Үздік үштікті тағы бір қытайлық Лэй Тинцзе түйіндеді — 2552 ұпай.
Сен-Тропедегі сәтті жарыс
Асаубаева соңғы рет 24–26 тамыз аралығында Францияның Сен-Тропе қаласында өткен WR Women’s Chess Tour 2026 элиталық сериясының еуропалық кезеңіне қатысты.
Гроссмейстер рапид бәсекесінде чемпион атанды. Келесі күні блиц турнирінің финалына дейін жетіп, күміс жүлдені иеленді.
Франциядағы нәтижелі өнерінің арқасында Бибісара Асаубаева әлемдік серияның Гранд-финалына берілетін жолдаманы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.