ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Бибісара Асаубаева Үндістанда қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстандық шахматшы Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бибісара Асаубаева Үндістанда қарсыласын ойсырата жеңді
Norway Chess

Шуваловамен реванш 

Жарыстың сегізінші турында Асаубаеваның командасы FYERS American Gambits Ganges Grandmasters ұжымын ірі есеппен жеңіп, кездесуді 13:5 есебімен аяқтады. Бұл кездесуде Бибісара Асаубаева ресейлік шахматшы Полина Шуваловамен ойнады. Бұған дейін турнирдің алғашқы кезеңінде қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберген болатын.

Бұл жолы Асаубаева сол нәтижеге жауап беріп, Шувалованы 3:0 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық шахматшы халықаралық додадағы алғашқы жеңісін тіркеді. Алдыңғы жеті турда Асаубаева төрт рет тең түсіп, үш рет жеңіліс тапқан еді.

Асаубаеваның турнирдегі көрсеткіші

Сегіз турдың қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаеваның жеке нәтижесі 1 жеңіс, 4 тең ойын және 3 жеңіліс. Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінің төртінші маусымы 5 қыркүйекте Үндістанның Бангалор қаласында басталды.

Командалық шахмат лигасы тоғыз күнге созылып, 13 қыркүйекте финалдық кездесулермен аяқталады. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?