ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирде қола жүлде алды

Бұған дейін отандасымыз  Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алған еді. 

Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирде қола жүлде алды
24.kz

Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Таиландтың Бангкок қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды.

Жәния Бекмұхамбетова жарыс барысында бірнеше қарсыласын сенімді түрде жеңді.

Қазақстандық спортшы:

  • Амина Прасонполды (Таиланд) – 3:1;
  • Беньяфа Сураситті (Таиланд) – 3:0;
  • Наттхапат Лимсирилертті (Таиланд) – 3:0;
  • Нонока Судзукиді (Жапония) – 3:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалдағы ойын

Жартылай финалда Бекмұхамбетова Қытайлық Тайбэй өкілі Йен Пэй Эньмен кездесті.

Бұл матчта қазақстандық спортшы 0:3 есебімен жеңіліп, финалға өте алмады.

Еске сала кетейік, Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?