ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Бибісара Асаубаева беделді турнирде қатарынан екінші жеңісіне жетті

Қазақстандық шахматшы Үндістандағы Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті.

Бибісара Асаубаева беделді турнирде қатарынан екінші жеңісіне жетті
x.com

Дивья Дешмухты сенімді жеңді

FYERS American Gambits командасының намысын қорғап жүрген Бибісара Асаубаева әйелдер тақтасында үндістандық Дивья Дешмухпен кездесті. Alpine APL Pipers сапында ойнайтын шахматшыны 4:0 есебімен жеңіп кетті. Осылайша Асаубаева Global Chess League турниріндегі сәтті сериясын жалғастырды.

Бибісараның жеңісіне қарамастан FYERS American Gambits жалпы командалық есепте басымдықты сақтап қала алмады. Өзбекстандық Жавохир Синдаров әлемдік рейтингтің көшбасшысы Магнус Карлсенге 0:3 есебімен жол берді. Ал ресейлік Даниил Дубов үндістандық Видит Гуджратиден дәл осындай 0:3 есебімен жеңілді.

Нәтижесінде Alpine APL Pipers FYERS American Gambits командасын 9:7 есебімен ұтты.

Бибісара қатарынан екінші партияда жеңіске жетті

Бұл нәтиже Асаубаеваның Global Chess League-2026 жарысындағы қатарынан екінші жеке жеңісі болды. Бұған дейін сегізінші турда қазақстандық шахматшы ресейлік Полина Шувалованы да сенімді түрде жеңген.

Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирі Бангалор қаласында өтіп жатыр. Беделді командалық шахмат додасы 13 қыркүйекте өтетін финалдық кездесулермен мәресіне жетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?