ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Елдос Сметов Азия ойындарында Қазақстан туын алып шығады

2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді. 

Елдос Сметов Азия ойындарында Қазақстан туын алып шығады
olympic.kz

2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова ұстайды. Олар спортшылар шеруінде Қазақстан делегациясын бастап шығады.

Елдос Сметовтің жетістіктері

Елдос Сметов – Қазақстан дзюдосының ең титулды өкілдерінің бірі.

Оның басты жетістіктері:

  • 2024 жылғы Олимпиада чемпионы;
  • 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері;
  • 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері;
  • әлем чемпионы;
  • 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы.

Қазақстан делегациясының екінші ту ұстаушысы – үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова.

Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Сонымен қатар WTT Feeder санатындағы халықаралық жарыстарда жүлде алып, әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғаған.

Азия ойындарының ашылу салтанаты қашан өтеді?

2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium аренасында өтеді.

Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?