ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Қазақстан Азиада "алтынына" берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырмақ

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ұлттық құраманың қорытынды жиынында мәлімдеді.

Қазақстан Азиада "алтынына" берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырмақ
instagram/@turizm_sport_ministrligi

Сыйақы көлемін арттыру жоспарланып отыр

Министрдің айтуынша, бұған дейін Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға 5 мыңнан 15 мың долларға дейін қаржылай сыйақы төленген. Енді алтын медаль иегерлеріне берілетін төлемді 50 мың долларға жеткізу көзделіп отыр.

Ербол Мырзабосынов аталған бастаманы заңнамалық деңгейде бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Бұрын спортшылар 5, 10 немесе 15 мың доллар көлемінде сыйақы алатын. Қазір алтын медаль үшін 50 мың доллар төлеуді жоспарлап отырмыз. Алайда осы Азия ойындарындағы сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен беріледі. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", — деді министр.

Қазақстаннан 560-тан астам спортшы қатысады

XX жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Құрлықтық дода 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстан құрамасы жарысқа шамамен 560–570 спортшы апаруды жоспарлаған. Ұлттық құрама өкілдері спорттың 35 түрінен медальдар үшін сынға түседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?