ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Еркебұлан Тоқтар мемлекеттік марапаттан бас тартты

ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтар Спорт күніне орай ұсынылған ведомстволық марапатты алудан бас тартқанын мәлімдеді.

Еркебұлан Тоқтар мемлекеттік марапаттан бас тартты
instagram/@erkebulan_toktar

"Марапатты сұрап алды деген әңгіме көбейеді"

Еркебұлан Тоқтар PROMMA PODCAST YouTube арнасына берген сұхбатында Спорт және туризм министрлігінің марапаттау рәсіміне бармағанын айтты.

"Ұсыныстар көп түседі. Жақында Спорт күніне орай спортшыларды марапаттады. Маған да ұсыныс жасалды. Нақты не деп жауап бергенім есімде жоқ, бірақ "маған қажет емес" деген сияқтымын. Сондықтан рәсімге бармадым. Тағы да жұрт мен марапатты сұрап алғандай әңгіме айтатын еді. Бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алғанымда да кейбір адамдар "өзі сұрап алды", "сен оған лайық емессің" деген пікірлер жазды. Бірақ мен ештеңе сұраған жоқпын. Өздері шақырып, марапатты табыстады. Бұл жолы сол жағдай есіме түсіп, наградадан бас тарттым", – деді Еркебұлан Тоқтар.

Марапаттау рәсімі Астанада өтті

Спорт саласының өкілдерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара 2026 жылғы 15 тамызда Астанада ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасының спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

Салтанатты шара барысында спортшылар мен сала мамандарына мемлекеттік және ведомстволық марапаттар, сондай-ақ төсбелгілер табысталды.

Марапат алғандардың қатарында ММА спортшылары Жалғас Жұмағұлов пен Арман Әшімов, боксшылар Назым Қызайбай, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.