Еркебұлан Тоқтар жекпе-жектен қанша табыс табатынын айтты
Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар рингке шыққаны үшін алатын орташа гонорарын жариялады.
Еркебұлан Тоқтар бұл туралы IBA Nomad турнирі қарсаңында ALIBEKOVKZ арнасына берген сұхбатында айтты. Спортшының сөзінше, ол шамамен үш айда бір рет жекпе-жек өткізіп, әр кездесуден кейін демалысқа шығуға тырысады. Тоқтар өз гонорарын келіссөз арқылы анықтайтынын атап өтті.
"Мен үш айда бір рет шығамын. Жекпе-жектен кейін міндетті түрде бір жерге демаламын. Орташа есеппен 40-50 миллион теңге аламын. Мен саудаласамын. Осылайша өзімді сатамын", — деді Тоқтар.
Боксшы сұхбат барысында промоутер Зия Әлиевтің өзіне қатысты пікірін де айтып өтті. All Star Boxing компаниясының иесі файтерге салынған инвестицияның ақталғанын жеткізген.
IBA Nomad турниріндегі жекпе-жегі
28 тамызда Астанада өткен International Boxing Day турнирінде Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді. Тоқтар жекпе-жек барысында Исроиловты екі рет нокдаунға түсіргенімен, өзі де бір рет нокдаун алды.
Осыған дейін файтер шілде айында Алматыда өткен турнирде Артем Тарасовты бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.