ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық "Ханзаданы" ауыр нокаутқа түсірді

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Астанадағы International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты екінші раундта нокаутпен жеңді.

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық "Ханзаданы" ауыр нокаутқа түсірді
instagram/@iba_official

Алғашқы раундта үш нокдаун тіркелді

Кәсіпқой рингтегі тәжірибелері аса көп болмағанына қарамастан екеуі де жекпе-жекті жоғары қарқында бастады. Бірінші раундта қарсыластар ашық айқасқа көшіп, бір-бірін нокдаунға түсірді.

Исроилов екі рет еденге құласа, Еркебұлан Тоқтар да қарсыласының соққысынан кейін бір мәрте нокдаун алды.

Жекпе-жек екінші раундта аяқталды

Екінші раундта қазақстандық боксшы басымдықты толықтай өз қолына алды. Тоқтар қарсыласын тағы екі рет нокдаунға жіберіп, артынша шабуылын ауыр соққымен түйіндеді.

Исроилов жойқын соққыдан кейін айқасты жалғастыра алмады. Төреші кездесуді тоқтатып, Еркебұлан Тоқтардың нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.

Қазақстандық файтер бұған дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңына 2025 жылдың желтоқсанында шыққан. Сол кездесуде 9-2-2 көрсеткіші бар Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Бобиржон Исроилов та соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізген. Ол отандасы Сирожиддин Уразалиевті алғашқы раундта мерзімінен бұрын жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.