ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровпен қоштасты

Қазақстандық шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасында өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен қоштасқан сәтінен кадрлар жариялады.

Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровпен қоштасты
Instagram/@bibisarachess

Әуежайдағы қоштасу

Бибісара өзінің Telegram-арнасында АҚШ-тан ұшып кетер алдындағы бірнеше суретті жариялады. Кадрлардың бірінде Асаубаева мен Синдаров таксиде қол ұстасып отырса, тағы бір фотода олардың әуежай терминалындағы қоштасу сәті көрінеді.

"Бұл жолы екі бағытқа", — деп жазды Бибісара Асаубаева жазбасына эмодзи қосып.

Сөйтіп шахматшылар АҚШ-тағы турнирлерден кейін әртүрлі бағыт бойынша келесі жарыстарына аттанды.

Екеуі Сент-Луисте жүлдегер атанған

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров осы айда АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласындағы ірі турнирлерге қатысты.

Қазақстандық шахматшы әйелдер арасындағы беделді Cairns Cup 2026 жарысында қорытынды есепте үшінші орын алды. Ал Синдаров Sinquefield Cup 2026 турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін өзбекстандық гроссмейстер Saint Louis Rapid & Blitz 2026 турнирінде күміс жүлдегер атанған.

Шахматшылардың келесі турнирлері белгілі

Жавохир Синдаровтың келесі жарысы Үндістанның Бангалор қаласында өтетін Global Chess League 2026 лигасы болмақ.

3–13 қыркүйек аралығына жоспарланған турнирде өзбекстандық шахматшы FYERS American Gambits командасын бастап шығады.

Ал Бибісара Асаубаева АҚШ-тан кейін Францияға аттанды. Гроссмейстер Сен-Тропеде өтетін WR Women’s Chess Tour сериясының төртінші кезеңінде бақ сынайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.