Бибісара Асаубаева Қазақстан құрамасына сенім білдірді
Қазақстандық гроссмейстер Самарқандта Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасының әйелдер турниріне қатысты өз болжамын айтты.
Қазақстан құрамасын таңдады
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) алдағы Олимпиада алдында әлемнің белгілі шахматшылары арасында арнайы сауалнама жүргізді. Гроссмейстерлерден әйелдер арасындағы жарыста қай команда жеңіске жетуі мүмкін екені сұралған.
Бибісара Асаубаева өз таңдауын қысқа әрі нақты жеткізді.
"Мен өз командамды таңдаймын", — деді қазақстандық шахматшы Қазақстан туын көрсете отырып.
Өзгелер Үндістанды фаворит санайды
Сауалнамаға қатысқан өзге танымал шахматшылардың таңдауы әртүрлі болды.
Швециялық Анна Крамлинг, болгариялық Нургюл Салимова және Нидерланд шахматшысы Элин Роберс әйелдер турнирінің басты фавориті ретінде Үндістан құрамасын атады.
Америкалық Элис Ли АҚШ құрамасының жеңіске жетуіне үміт білдірсе, Динара Вагнер Германия командасына басымдық берді.
46-шы Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында 15-27 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасының турнирге қатысатын ойыншылары бұған дейін жарияланған. Әйелдер құрамасының сапына Бибісара Асаубаева да енді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.