ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Жеңіл атлеттер Орталық Азия чемпионатында кезекті алтын медаль иеленді

Қазақстан құрамасы Ташкентте жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында жүлде қорын тағы екі медальмен толықтырды.

Жеңіл атлеттер Орталық Азия чемпионатында кезекті алтын медаль иеленді
instagram/@qazathletics

Мария Ефремова 13 метрден асты

Мария Ефремова үш қарғып секіру бәсекесінде 13,33 метр нәтижемен жарыс жеңімпазы атанды.

Қазақстандық жеңіл атлет финалда 13 метрлік межеден асқан жалғыз қатысушы болды. Осы көрсеткіш арқылы Ефремова Қазақстан қоржынына чемпионаттың алтыншы алтын медалін салды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Варвара Дмитриева жарыстың алғашқы үш мүмкіндігінен кейін үздік үштік қатарына кіре алмады.

Бірақ шешуші кезеңде нәтижесін айтарлықтай жақсартты. Төртінші мүмкіндігінде 12,03 метрге секірген Дмитриева кейін көрсеткішін 12,58 метрге жеткізіп, үшінші орынға көтерілді.

Күміс медаль сингапурлыш Тиа Луизе Розариоға бұйырды. Оның нәтижесі — 12,68 метр.

Қазақстан бұған дейін бес алтын медаль алды

Ташкенттегі Орталық Азия чемпионатында қазақстандықтар бұған дейін де бірнеше дисциплинада топ жарған еді.

Ұлбосын Есіркеп найза лақтырудан жеңімпаз атанса, Юлия Башманова 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде бірінші орын алды. Алина Чистякова ұзындыққа секіруден, Виктория Ан 100 метрге жүгіруден чемпион атанды.

Ал ерлер арасында Иван Иванов ядро итеруден Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр. Қатысушылар жүлделер үшін 25 тамызға дейін сынға түседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.