Михаил Шайдоров әлемнің үздік үштігіне енді
ISU әлемдік рейтингінде отандасымыздан тек Илья Малинин мен Юма Кагияма жоғары тұр.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Халықаралық конькишілер одағының 22 тамызда жаңартылған кестесінде отандасымыздың еншісінде 3918 ұпай бар.
Ерлер арасындағы рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Оның қоржынында 4590 ұпай бар.
Екінші орында 4123 ұпай жинаған жапониялық Юма Кагияма орналасқан. Ал Михаил Шайдоров 3918 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты. Қазақстандық спортшы Малининнен 672, Кагиямадан 205 ұпайға қалып келеді.
Төртінші орында тағы бір жапониялық Сюн Сато тұр. Ол 3639 ұпай жинаған.
Қазақстанның тағы бір өкілі
Қазақстан әйелдер арасындағы жекелей сында Софья Самоделкина бар. ISU дерегінде 2007 жылы туған спортшы Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде көрсетілген. Оның жеке рекордтық нәтижесі 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында тіркелген 207,46 ұпайды құрайды.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.