ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісінен кейін алғаш рет сынға түседі

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарысына қатысады.

Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісінен кейін алғаш рет сынға түседі
Olympic.kz

Алдын ала жарияланған қатысушылар тізіміне ерлер арасындағы жекелей сында 29 спортшы енген. Братиславадағы дода Шайдоров үшін қысқы Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турнир болмақ.

Жарыс Словакия астанасы Братиславада 24-27 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Nepela Memorial 2026/27 маусымындағы ISU Challenger Series сериясындағы сайыстардың бірі.

Олимпиададағы тарихи жеңіс

Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында чемпион атанды. Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен жарыста қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Енді Олимпиада чемпионы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық стартында өз өнерін Nepela Memorial турнирінде көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.