ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Астанадан" бас бапкер мен 11 ойыншы кетті

"Астана" баскетбол клубы бас бапкер Миодраг Райковичпен және негізгі құрамдағы 11 ойыншымен келісімшарттың тоқтатылғанын ресми түрде жариялады.

"Астанадан" бас бапкер мен 11 ойыншы кетті
instagram/@astanabasket

Миодраг Райкович қызметінен кетті

Елордалық клуб сербиялық маман Миодраг Райковичпен арадағы еңбек келісімінің бұзылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар команданың 11 баскетболшысы "Астана" сапынан кететін болды.

""Астана" баскетбол клубы бас бапкер Миодраг Райковичпен, сондай-ақ команданың 11 ойыншысымен келісімшарттардың тоқтатылғанын хабарлайды", – делінген клуб мәлімдемесінде.

"Астанадан" кеткен ойыншылардың тізімі

Елордалық командамен қоштасқан баскетболшылар:

  • Рустам Мурзағалиев;
  • Вадим Щербак;
  • Руслан Айтқали;
  • Владимир Иванов;
  • Олег Балашов;
  • Александр Жигулин;
  • Роберт Пан;
  • Сардал Абашидзе;
  • Әмірали Сүлейменов;
  • Владислав Исаенко;
  • Мағжан Сәрсенғалиев.

Қазақстандық клуб 2011 жылдан 2025 жылға дейін ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсетті. Турнирдегі соңғы маусымында, яғни 2024/25 жылғы чемпионатта 12 команданың арасында соңғы орын алды.

Бұған дейін маусым айында елордалық ұжымның ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымына қатысатыны хабарланды. Бірақ кейін қаржыландыруды оңтайландыруға байланысты "Астана" 2026/27 жылғы чемпионатта өнер көрсете алмайтыны белгілі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.