ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингінде көш бастады

Блицтен үш дүркін әлем чемпионы FIDE Women’s Circuit жаңартылған рейтингінде ресми түрде бірінші орынға көтерілді.

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингінде көш бастады
Instagram/@bibisarachess

Рейтингтегі үлкен басымдық

ФИДЕ жариялаған жаңартылған тізімге сәйкес, Бибісара Асаубаева 59,76 ұпай жинап, FIDE Women’s Circuit рейтингінің бірінші сатысына жайғасты.

Қазақстандық шахматшының ең жақын қарсыласы — қытайлық Чжу Цзиньэр. Оның еншісінде 39,83 ұпай бар. Ал үздік үштікті үндістандық шахматшы Вайшали Рамешбабу 29,70 ұпаймен түйіндеп тұр. Осылайша Асаубаева екінші орында тұрған қарсыласынан шамамен 20 ұпайға озып кетті.

FIDE Women’s Circuit рейтингінің үздік ондығы

Жаңартылған рейтингтің ТОП-10 тізімі:

  1. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 59,76 ұпай
  2. Чжу Цзиньэр (Қытай) — 39,83
  3. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) — 29,70
  4. Тань Чжунъи (Қытай) — 26,58
  5. Харика Дронавалли (Үндістан) — 20,55
  6. Элис Ли (АҚШ) — 19,33
  7. Анастасия Гнатышин (Украина) — 18,97
  8. Александра Горячкина (ФИДЕ) — 16,88
  9. Ульвия Фаталиева (Әзербайжан) — 15,37
  10. Афруза Хамдамова (Өзбекстан) — 14,79

FIDE Women’s Circuit — әйелдер арасындағы ірі халықаралық жарыстарда жиналған нәтижелер есепке алынатын арнайы рейтингтік жүйе.

Маусым қорытындысы бойынша рейтингте бірінші орын алған шахматшы Үміткерлер турниріне тікелей жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.