ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"АҚШ-тан ақыры кетемін": Бибісара Асаубаева Cairns Cup турнирін қорытындылады

Қазақстандық шахматшы Сент-Луистегі Cup 2026 турниріндегі өнеріне баға берді.

"АҚШ-тан ақыры кетемін": Бибісара Асаубаева Cairns Cup турнирін қорытындылады
instagram.com/bibisarachess/

Қола жүлде иегері атанды

Асаубаева Миссури штатының Сент-Луис қаласында өткен беделді жарыста тоғыз турдың қорытындысы бойынша 5 ұпай жинады. Ол америкакалық Кларисса Йиппен бірге үшінші орынды бөлісіп, қола жүлде місе тұтты.

Турнир аяқталғаннан кейін Асаубаева Telegram арнасында қысқаша пікір білдірді.

“Жалпы, бірқалыпты өткен турнир болды. Жұмыс барысындағы жарыс деп айтар едім. Ең бастысы – жақында АҚШ-тан ақыры кетемін. Мұнда ұзақ уақыт болғандықтан аздап шаршадым”, – деді Бибісара Асаубаева.

Қазақстандық гроссмейстер турнир нәтижесіне аса эмоциясыз баға бергенімен АҚШ-та ұзақ уақыт жүру оңай болмағанын аңғартты. Cairns Cup жарысының ресми кестесіне сәйкес, турнирдің жабылу рәсімі 20 тамызға жоспарланған. Ал келесі күні қатысушылар жарыс өткен қаладан аттануы тиіс.

Алда – Шахмат олимпиадасы

Бибісара Асаубаеваның алдағы маңызды жарыстарының бірі – 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы.

Беделді дода Өзбекстанның Самарқанд қаласында 15-27 қыркүйек аралығында өтеді. Асаубаева Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.