ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ташкентте Қазақстанның медаль қоржыны жетінші алтынмен толықты

Жеңіл атлет Михаил Литвин Орталық Азияның III чемпионатында топ жарды.

Ташкентте Қазақстанның медаль қоржыны жетінші алтынмен толықты
vesti.kz

400 метрде үздік шықты

Қазақстандық спортшы 400 метр қашықтықты 46,35 секундта жүгіріп, барлық қарсыласын артта қалдырды.

Бұл нәтиже Литвин үшін соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. Ол 400 метрді бұдан жылдамырақ соңғы рет 2022 жылдың 9 маусымында Алматыдағы Қазақстан чемпионатында жүгірген.

Сонымен қатар Ташкенттегі жеңіс Михаил Литвиннің 2026 жылғы маусымдағы алғашқы алтын жүлдесі болды.

Алан Иванов күміспен күптелді

400 метр қашықтықта екінші орынды тағы бір қазақстандық Алан Иванов иеленді. Ол мәреге 46,75 секундта жетті. Бұл нәтиже жас жеңіл атлеттің жеке мансабындағы маңызды көрсеткіш болды — Иванов алғаш рет 400 метрді 47 секундтан аз уақытта жүгіріп өтті.

Осылайша қазақстандықтар аталған дисциплинада бірден алтын және күміс медаль жеңіп алды.

Ташкенттегі жетінші алтын

Михаил Литвиннің жеңісіне дейін Қазақстан құрамасының алты өкілі Орталық Азия чемпионатында алтын медаль иеленген еді:

  • Ұлбосын Есіркеп — найза лақтыру;
  • Юлия Башманова — 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
  • Алина Чистякова — ұзындыққа секіру;
  • Виктория Ан — 100 метрге жүгіру;
  • Иван Иванов — ядро итеру;
  • Мария Ефремова — үш қарғып секіру.

Ташкентте жеңіл атлетикадан Орталық Азияның III чемпионаты 25 тамызға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.